«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Психологиялық қолдау орталығы» КММ заңды мекенжайы: 150000 Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Жамбыл атындағы көшесі, 55 А, Е-mail:
«Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» КММ «Психологиялық қолдау орталығы» КММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Күндізгі кеңес беру психологы (тұрақты жұмыс)
Біліктілік талаптары
- «Психология», «Әлеуметтік педагог» бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша растайтын құжат.
- Психологиялық-педагогикалық жұмыс өтілі - кемінде 5 жыл.
- «Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы құпталады.
Негізгі лауазымдық міндеттері:
- білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге, педагогтерге психологиялық көмек көрсетеді;
- эмоциялық әл-ауқат, бейімделу, тұлғааралық қатынастар, тәрбие және оқыту мәселелері бойынша жеке және топтық психологиялық кеңес беруді жүзеге асырады;
- психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытындылар мен ұсынымдар жасайды;
- түзету, дамыту және алдын алу сабақтарын ұйымдастырады және өткізеді;
- дағдарысты жағдайларда кәмелетке толмағандарға және білім беру процесіне қатысушыларға шұғыл психологиялық көмек көрсетеді;
- кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;
- қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетеді;
- ата-аналарға (заңды өкілдерге) және педагогтерге психологиялық-педагогикалық білім беруді жүзеге асырады;
- сенім телефонының жұмысына және қашықтықтан кеңес берудің өзге де нысандарына қатысады;
- кәмелетке толмағандарды сүйемелдеу мәселелері бойынша білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарының мамандарымен өзара әрекет жасайды;
- Орталықтың семинарларына, тренингтеріне, поственцияларына, интервизияларына, супервизияларына, конференцияларына және өзге де шараларына қатысады;
- белгіленген жұмыс, есепті және талдамалық құжаттаманы жүргізеді;
- кәсіби этика, құпиялылық, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтайды;
- кәсіби біліктілік пен кәсіби құзыреттілік деңгейін арттырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі
- Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 02 қыркүйектен бастап 10 қыркүйекке дейін (7 жұмыс күні) жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттардың тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға электрондық немесе қағаз түрінде мынадай құжаттарды ұсынады:
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау және қызметтен босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат.
- Нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (бар болса).
- Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлiм туралы құжаттардың көшiрмелерi.
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
- № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Маңызды: Конкурс өткізудің қолданыстағы ережелерінде көзделген құжаттардың кез келгенінің болмауы құжаттарды қараусыз кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.





