«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Психологиялық қолдау орталығы» КММ
Мекенжайы:150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Жамбыл атындағы көшесі, 55А,
E-mail:
ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМНІҢ БАСШЫСЫ (тұрақты жұмысқа) жұмыс тәжірибесімен:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім (психологиялық бейін бойынша) және педагогикалық еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
білім беру ұйымының «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» немесе «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық міндеттері:
- Орталықтың әдістемелік бөлімінің қызметіне басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- бөлімнің ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, талдамалық және жобалық қызметін жоспарлайды, үйлестіреді және бақылайды;
- бөлім қызметін ағымдағы, жылдық және перспективалық жоспарлауды, бекітілген жоспарлар мен іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
- облыс аудандары мен Петропавл қаласына бекітілген әдіскерлердің (психологтардың) қызметін үйлестіреді;
- өңірдің білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысына мониторинг пен талдауды ұйымдастырады;
- психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша статистикалық, талдамалық және есептік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
- Орталық қызметінің бағыттары бойынша талдамалық анықтамаларды, есептерді, ұсынымдар мен ақпараттық материалдарды дайындайды;
- әдістемелік ұсынымдарды, бағдарламаларды, практикалық құралдарды, жинақтар мен өзге де әдістемелік материалдарды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады;
- педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтердің және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының жұмысына ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары, супервизиялар, тренингтер және мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру жөніндегі өзге де іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
- жас педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтер мен әдіскерлердің кәсіби қалыптасуына әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеді;
- білім беру ұйымдары мамандарының авторлық бағдарламалар мен әдістемелік материалдарды әзірлеуіне жәрдемдеседі;
- озық педагогикалық және психологиялық тәжірибені таратуды, білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи технологияларын енгізуді ұйымдастырады;
- Орталықтың әдістемелік, инновациялық және әлеуметтік жобаларын әзірлеуді және іске асыруды үйлестіреді;
- білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық ағарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- педагог-психологтар мен әдіскерлерді даярлауға және аттестаттаудан өткізуге қатысады;
- әдістемелік сүйемелдеу мәселелері бойынша әдістемелік кабинеттермен, білім беру ұйымдарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
- Орталық қызметкерлерінің облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
- бөлім қызметінің бағыттары бойынша жергілікті нормативтік актілерді, әдістемелік құжаттаманы, есеп беру нысандарын және өзге де құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- Орталық директорына бөлім қызметінің бағыттары бойынша есептер, анықтамалар, талдамалық және ақпараттық материалдар ұсынады;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының, кәсіби этика нормаларының, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- кәсіби қызметте заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
Құжаттарды қабылдау күні: 2026 жылғы 29 тамыздан бастап 09 қыркүйекке дейін (7 жұмыс күні).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады:
- мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
- біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өткен нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Конкурс өткізу қағидаларында көзделген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қараусыз кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.





